«IHSAN.KZ» САЙТЫНЫҢ ҰЖЫМЫ БАС МҮФТИДІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесіне орай Қарағанды облысстық «Әнет баба» мешітінің  баспасөз өкілдері, « IHSAN.KZ» сайтының қызметкерлері ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатымен марапатталды.

Бас мүфти марапатын Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы табыстап,  ақпарат саласында ерен еңбек етіп жүрген қыл қалам иегерлеріне ерекше алғысын айтты. Cондай-ақ, ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілдігі «Әнет баба » мешітінің www.ihsan.kz ресми сайтының қызметкерлеріне, ұстаз, әрі 2016 жылдан бері сайт редакторы қызметін атқарып келе жатқан Ақжігіт Оразалыұлына, Бақдәулет Қидирбайұлына және белсенді жұмыс көрсетіп, ыждағат танытып келе жатқан оператор Сүндет Бақытғалиұлына, баспасөз тілшісі Назира Қайратқызына  Бас мүфтидің өзі жолдаған құттықтауы мен алғыс хатын, сондай-ақ ынталандыру сыйақысын табыстады.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін