ҚАРАҒАНДЫДА «ИХСАН – РУХАНИ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ» КІТАБЫНЫҢ ТАНЫТЫМЫ ӨТТІ (ФОТО)

Бүгін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының танытымы өтті.

Іс-шараға ҚМДБ Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті қазақ халқының рухани мұрасын зерделеу  институтының директоры, филология ғылымдарының доктор, профессор  Әбдуов Мұхаммедғали Ілиясұлы, «Saryarqa» телеарнасының редакторы  Тойжігітов Әли Мүрсәліұлы, айтыскер ақын, филология ғылымдарының докторы Айтбай Ботпайұлы Жұмағұлов және облыс, қала имамдары қатысты.

Игі іс-шара Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің наиб имамы Бауыржан Мейімбекұлының Құран оқуымен басталды. Облыс бас имамы  оқылған Құранның сауабын марқұмдарға бағыштап, жиынға қатысушыларға ізгі тілегі мен алғысын білдірді. Сондай-ақ, «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының оқырман үшін пайдасының орасан әрі рухани өмір үшін таптырмас құнды кітап екенін жеткізді.  Жиын барысында құрметті қонақтар да құнды еңбектің жарық көруімен құттықтап, Діни басқарманың игі бастамаларына жылы лебіз білдірді. Айта кетейік, «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабында «Жаратушы Аллаға ихсан», «Тұлғалық ихсан», «Ихсан және қоғам» сынды тараулар қамтылып, Ислам ғұламаларының ихсан ілімі жайлы ой-толғамдары берілген.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін