ӘЙЕЛДЕР ЖАМАҒАТЫ «КӨКМАЙСАДА» БАС ҚОСТЫ

Үстіміздегі жылдың тамыз айының 6 және 8 – жұлдызы аралығында  «Қарағанды ​​облысының конфессияаралық қарым-қатынас мәселелерін зерттеу және талдау орталығының» КММ  ұйымдастыруымен әйелдер жамағатына арналған арнайы басқосу болып өтті. Келелі кездесу барысында Жезқазған және Сәтпаев қаласының жамағатының қатысуымен Ұлытау ауданындағы «Көкмайса» демалыс аймағына демалыс ұйымдастырылды. Шара барысында қатысушыларға  белгілі психолог Раздықова Гүлназ семинар-тренинг өткізіп, «Ақниет» қоғамдық қорының теологы, «Әнет баба» мешітінің ұстазы, «Әйел-қыздар» секторының Қарағанды облысы бойынша жауапт өкілі Бакирова Арай Серғалиқызы арнайы уағыз-насихат айтты. Сондай -ақ, тиісті мамандарды тарта отырып, медициналық -құқықтық кеңес берілді.

Әйелдер үшін маңызды мәселенің бірі отбасылық қарым-қатынас, әйел адамның орны, тұрмыстық зорлық-зомбылық, бала тәрбиесіне қатысты мәселелер қозғалды.  Балаларға арналған бірқатар білім беру бағдарламалары өткізілді. Шара соңында рухани кездесуге қатысқан барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді.
© 2009-2022, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін