«НА ЮГЕ ВКУСНО» МЕЙРАМХАНАСЫ ТЕКСЕРІСТЕН ӨТТІ

«На Юге вкусно» мейрамханасының қызмет барысын толық тексерістен өткізіп, дәмхананың асханасына зертханалық жұмыс жасау мақсатында «Халал Даму» ЖШС –ның технолог маманды Сатаева Айзат Ермекқызы және  Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Ысқақ Абдрахманов арнайы бақылау жұмыстарын жүргізді.  Тексеріс барысында өнімдердің құрамы, асхананың өндірістік жабдықтары, зертханасы, шикізат базасы мен ішкі тазалығын тексерді. Сондай-ақ қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық жұмыс процесі тексерілді. Кезектен тыс тексеріс жұмыстарынан өткен мейрамхана барлық талаптарға сай қызмет етуде.

Алла Тағала қасиетті Құранда: «Ей, Елшілер! Таза (адал) нәрселерден жеңдер және ізгі амал істеңдер...», сонымен бірге «Ей, иман еткендер! Біз сендерге берген жақсы нәрселерден жеңдер...» –деген. Дастаханымыз адал асқа толы, берекелі де мол болсын! 

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2021, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін