АБАЙ АУДАНЫ: «ХАЛАЛ АСТЫҢ ПАЙДАСЫ» ТҮСІНДІРІЛДІ

Алла Тағаланың «Сендерге Алла өлексені ( арам өлген малды), қанды, доңыз етін және Алладан басқаның атымен бауыздалғанды арам қылды» деген Құранда айтқан үкіміне орай бүгінгі таңда мұсылмандар астың халал не халал еместігіне қатты мән беріп келеді. Осы орайда Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің  имамы Ысқақ Рахымбекұлы Абай аудандық  мешітінде «Халал астың пайдасы» тақырыбында жамағатқа уағыз-насихат жүргізді.  Шара барысында халал тағамның пайдасы мен харам ас жеудің зияндылығы, сақтану жолдары турасында насихат айтылды. Сонымен қатар, қатысушылардың тарапынан түрлі сұрақтарға жауап берілді.

© 2009-2021, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін