«Төлеутай ата» мешітінде тұсау кесу рәсімі өтті

Әр халықтың өзіне тән ұлттық тәрбиесі бар. Сол секілді қазақ дәстүрінде тәрбиелік мәні жоғары жоралғының бірі – тұсаукесер тойы. Шілдехана-бесік тойдан кейін сәби өмірінде ерекше аталып  өткізілетін салттың бірі – тұсаукесер.
Ер көңілді, жаны жомарт қазақ ұрпағының жолынан ешнәрсесін аямаған. Ұрпағы таршылық, тапшылық көрмесін, бай-бақытты молшылық ғұмыр кешсін, көңілі дарқан даладай, текті, жетелі, ел-жұртына сиымды, бауырмал, қадірлі, қайырымды көпшіл азамат болсын деген ата-ана алғашқы қадамын майлап, тұсауын кестіруді өз борышы санаған.

Алғаш қадам басуға талпынған кішкентай бөбегінің тұсауын мешітте кесуге ниеттенген ата-аналар «Төлеутай ата» мешітіне ат басын бұрды. Осылайша ата-бабамыздың ежелден келе жатқан игі дәстүрін қасиетті Алланың үйінде жүзеге асырды. Берекелі шарада қаз-қаз басқан баланың тұсауын «Төлеутай ата» мешітінің  имамы Мусин Сайлау Жұмағұлұлы кесіп, өздерінің ақ тілегі мен баталарын берді. Атадан балаға жалғасып келе жатқан игі дәстүріміз өз жалғасын таба берсін. Өмірге жаңадан қадам бақсан бүлдіршіндеріміз ертеңгі ел болашағының алтын көпіріне айналып, текті еліміздің тұғыры биік азаматы мен азаматшалары болсын. Әмин!

Назира Байназарова

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы  бойынша баспасөз қызметі

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін