ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ИМАМДАРЫ АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының елордада өткен кеңейтілген Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы барша дін қызметкеріне бағдарламалық баяндамасын жолдап,   2021 - жылы жеті бағыт бойынша жұмыстарға басымдық беретінін атап өткен болатын. Атап айтқанда, ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз-насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту және кадрлық әлеует, рухани тәрбие, ихсан ілімі, дін мен дәстүр, жат діни ағымдармен жұмыс бағыты.

Осы орайда ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының төрағалығымен өткен жылдық қорытынды жиында  аудан, қала имамдары аталған жеті бағыт бойынша атқарылатын жұмыстың есебін берді. Сондай-ақ,іс-шаралар негізінде имамдардың қызметіне, яғни жылдық жұмысына тиісті баға берілді.

Алқалы жиынның қорытындысында облыс бойынша үздік, белсенді және еңбегі еленген дін қызметкерлері марапатқа ие болды.

Атап айтқанда,  «Әлихан Бөкейхан» атындағы Теміртау орталық мешітінің имамы Естай Айтуғанұлы жылдың «Үздік имамы» номинациясымен марапатталса, Қаражал қалалық мешітінің имамы Советов Талғат Дюсембаевич және Жаңаарқа аудандық «Халық» мешітінің имамы Қанай Асхат жылдың «Белсенді имамы» номинациясын иеленді.  

Сондай-ақ, еңбектері еленіп, лайықты құрметке бөленген марапат иелерінің қатарында, ел тәуелсіздігін алған жылдардан бастап қызмет етіп келе жатқан ардагер имамдар «Бала қажы» мешітінің имамы Нұров Махмұд Нұрұлы, Саран қалалық мешітінің имамы Мухамедқали Салиқов арнайы алғысқа бөленді.

Сонымен қатар облысқа қарасты барлық қала, аудан, ауыл мешіттері мен  имамдарына ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы алғыс хат табыстап,  абыройлы қызметтеріне сәттілік пен береке тіледі !

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін