«БАЛА ҚАЖЫ» МЕШІТІНДЕ ЖАЗҒЫ САУАТ АШУ ДӘРІСІ БАСТАЛДЫ

ҚМДБ-ның Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде   жазғы сауат ашу дәрісі өз жұмысын бастады. Жазғы дәрістің алғашқы күні мешіт имамы Махмұд қажы Нұрұлы балаларға «Білім алудың артықшылығы» жайында насихат айтып,өзінің батасын берді.

Дәрісте жас жеткіншектерге   әдеп сабақтармен қоса имандылық дәрістері жүргізіліп, ойын-сауық шаралары ұйымдастырылуда. Мешіт ұстаздары жас өскелең ұрпақтың иманды, рухты болуына үлкен үлес  қосып, дәріс берумен  шектеліп қана қоймай, тәрбие сағаттарын да  өткізу үстінде.

ҚМДБ-Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін