«Адал ас» тақырыбында семинар өтті

Қарағанды облыстық «Әнет баба»  мешітінде «Адал ас» атты семинар өтті. Семинардың мақсаты – әйелдер жамағатына адал ас жайында қажетті мәлімет беру. Семинарды Халал Даму ЖШС-ның технолог маманы Сатаева Айзат жүргізді.

Аталмыш жиында технолог адал ас жайында дәріс оқып, өзі қызмет  ететін бөлімнің атқарып жатқан қызметі жайында түсіндірді. Күнделікті қолданып жүрген азық-түлігіміз бен өзге де тұрмыстық заттарыдың тазалығы мен адалдығына аса мән беру керектігіне тоқталды. Сонымен қатар халал сертификатын берудегі мақсат пен оның маңызын түсіндіре келе сертификат алудың шарттарын айтып өтті.  Сонымен қатар, мұсылман баласы астың адалдығына мән бермесе құлшылық пен дұғаның қабыл болуына зияны тиетінін аят пен хадистер аясында түсіндірді. Сондай-ақ, қатысушылардың тарапынан туындаған бірнеше сұрақтарға жауап берді.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін