Теміртау орталық мешітіне наиб имам тағайындалды

Теміртау орталық мешітіне наиб имам тағайындалды 
 
Қасиетті жұма күні Әлихан Бөкейхан атындағы Теміртау орталық мешітінің ұжымы білікті қызметкермен толықты. 
 
Жұма намазына жиылған жамағатқа Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы бекітілген жоспар бойынша «Қажылық - қасиетті құлшылық» тақырыбындағы уағызынан соң айтулы жаңалықты хабарлады. 
 
Мешіт жамағатына ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы бұйрығын жеткізіп, қызметке тағайындалып отырған наиб имам Саламат Анихарұлы жайлы қысқаша таныстырып өтті.  
 
Қазтай Саламат Анихарұлы 
 
1992 жылы 26 қазанда Қарағанды облысы, Шет ауданы, Кеншоқы ауылында дүниеге келген.  
 
1999-2010 жылдары Кеншоқы ауылындағы Нұра жалпы білім беру мектебінде тәлім алған. 
 
2010-2013 жылдары «Астана» медресесін Исламтану мамандығы бойынша тәмамдаған.  
 
2013-2021 жылдары Шет ауданы, Кеншоқы ауылындағы «Қасқар би» мешітінде имам қызметін атқарған. 
 
2021-2022 жылдары Ақтоғай аудандық мешітінде наиб имам болып қызмет атқарған.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін