ҚАСИЕТТІ ЖҰМАДА МҰСЫЛМАНДЫҚТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Ислам дінінің дамуына, тұрғындардың діни сауаттылығын арттырып, бауырларымызды асыл дінімізге тартуда аянбай еңбек етуде.

Оның бір көрінісі ретінде аймағымыздағы Ислам дінін қабылдаушы түрлі ұлт өкілдері санының артуы мен адасқан жолдан тура жолға оралған бауырларымызды айтуға болады.

Қасиетті жұма күні Ислам дініне кіріп, дінімізді қабылдаған мұсылман бауырымыздың қатары тағыда бір адаммен толықты. Хақ дінді қабылдауға келген жанға  «Әнет баба» мешітінің  бас имамы кәлима шахадатты айтқызып,   Ислам дініндегі бес парызды түсіндірді.

© 2009-2022, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін