«Doner Chef Chiken» фаст-фуд өнімдері сертификатталды

«Doner Chef Chiken» фаст-фуд өнімдері "ҚМДБ халал" стандарты бойынша сертификатқа ие болды. 
Мекеме «Тамақтандыру қызметтері», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптарына сай деп танылды.  Арнайы "ҚМДБ халал" сертификатын Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы жұма намазына жиналған жамағат алдында ресіми түрде табыстады.
Сертификаттаудан өткізу барысында «Doner Chef Chiken» дәмханасында бақылау-қадағалау шаралары  жүргізіліп, өнімдер толықтай зертханалық тексерістен өткізілді. «Doner Chef Chiken» фаст-фуд өнімдерін «ҚМДБ халал» стандартына сай, халал екенін хабарлаймыз!

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін