ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘНЕТ БАБА МЕШІТІНДЕ ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде  Құрбан айт намазы оқылды.  Қасиетті  мерекеде  Алланың үйіне таң сәріден жиналған жамағат сәждеге бас тигізіп, аллаға құлшылық етті.

Намаз оқылмас бұрын Қарағанды  облысының   бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы мұсылман қауымды ұлық мерекемен құттықтап, қасиетті мерекенің ерекшелігі туралы уағыз айтты. Содан соң мешітке жиналған мұсылман қауым  тілін кәлимаға келтіріп, жүзін құбылаға бұрып айт намазына жығылды.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін