БАЛҚАШ ҚАЛАСЫНА ЖАҢА ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қасиетті жұма күні ҚМДБ-ның Төрағасы,Бас мүфти қажы Тағанұлының бұйрығымен Балқаш қалалық мешітіне жаңа имам тағайындалды. Жиналған жамағат алдында Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы Қалдарбеков Нұрболат Сейілханұлын жаңа қызметіне қабылдап, жамағатқа таныстырды. Ал, аталмыш аймақтың  бұрыңғы имамы Толтаев Ербол Муканұлы Қарағанды қалалық “Әл Машани” мешітінің найб имам қызметіне ауысты.  Облыс бас имамы Балқаш қаласында біршама уақыт қызмет еткен Ербол имамның иығына шапан жауып, жамағаты құрметпен шығарып салды.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін