ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ҚАРҚАРАЛЫ АУДАНЫНДА

ҚМДБ-ның Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы бақылау-басқару қызметтік сапары бойынша Қарқаралы ауданына қарасты Қарағайлы кентіне ат басын бұрып, аймақтың діни ахуалынан хабар алып қайтты.

Сапар барысында ауыл әкімімен, жергілікті дін қызметкерлерімен  және мешіт ақсақалдарымен жүздесті.

Қарқаралы ауданының имамы Митератбек Құбылайханов облыс бас имамына мешіттің тыныс-тіршілігін таныстырып, жаңалығымен бөлісті. Мешіттің  тазалық жұмыстарына, кіріс-шығыс құжаттарына және облыс тарапынан беріліп  жатқан тапсырмалардың орындалуына бақылау жұмыстарын жүргізді. Аудан мешітінің тыныс-тіршілігінен хабар алып, бақылау-басқару жұмыстарын жүргізген облыс бас имамы аталмыш мешітке оң бағасын беріп қайтты.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін