«Ислам және ізгі қоғам» : Теміртау жамағаты бас қосты

   Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінде «Ислам және ізгі қоғам» тақырыбы аясында жамағаттың бірлігіне арналған рухани кеш өтті.

Жамағаттың басы қосылған рухани кеште Ұлытау облысының бас имамы Елдос Жұмаділда  бірлік пен татулық жайлы уағыз- насихатын айтты. Сонымен қатар, Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің ұстазы Мирас Ерланұлы кешке арнайы қатысып, жамағатқа дәріс оқыды. 

Сондай-ақ, жамағаттың құрметіне ақ дастархан жайылып,  ас ұсынылды. Кеш қонақтарының тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берілді.  Аталмыш рухани кеште жамағатпен Құран оқылып, ел амандығы үшін дұға жасалды. 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін