Абайда «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету бағыты түсіндірілді

   Абай аудандық мешітінің имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен мешіт жамағатына «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының қызметін түсіндіру шарасы болып өтті. 

Шараға бөлімнің Қарағанды облысы бойынша жауапты маманы Бақдәулет Қыдырбайұлы арнайы қатысып, мешіт жамағатына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Атап айтқанда, жаназа, жерлеу, ас беру мәселесіндегі дәстүр, әдеттерді бір ізге түсірумақсатында дәріс оқыды. 

«Зираттарымыз өз дәрежесінде қамқорлыққа алынып, діни сауаттанған қызметкерлер шұғылданатын болса, халық арасында да бірізділік қалыптасады. Зиратқа қатысты мәселемен барушыларға және зиярат етушілерге шариғат шеңберінен шықпайтындай зиярат әдептерін үйретіп, қызмет ететін, шариғи білімі бар маман болғаны және жерлеу рәсімдерін толыққанды шариғат талаптарына сай дұрыс өткізу сауапты амал»,-деді Бақдәулет Қыдырбайұлы.

Сонымен қатар, шараға қатысқан жамағатқа арнайы ақпараттық кітапшалар тарту етіліп, тыңдармандардың тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берілді.

Жиын соңында мешіт имамы Асхат Қанайұлы облыстан арнайы келген бөлімнің жауапты өкіліне өзінің алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін