Облыс бас имамы «Жұмабек Тәшен» мешітіне бақылау жұмыстарын жүргізді

    Қарағанды облысының бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы бақылау-басқару іс сапарын Абай ауданына қарасты Топар кентінде жалғастырды. 

Қызметтік сапар барысында аймақтық «Жұмабек Тәшен» мешітінің имамы Ақмағамбет Мурсали Қаленұлы өңірдің тыныс-тіршілігінен хабар беріп, дін қызметкерлерінің қызмет барысымен таныстырды. 

Қызметтік бақылау барысында облыс бас имамы аймақта қызмет етіп жатқан дін қызметкерлерімен сұхбат құрып, өңірге қарасты бірқатар мәселелер төңірегінде сөз қозғады. 

Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бекіткен бес бағыты негізінде іс жүргізу қажет екенін қаперге салып, облыс тарапынан берілген тапсырмаларды уақытылы орындап, жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарауды қаперге салды.

Бас имам мешіт ғимаратын жан-жақты аралау барысында тазалық талаптарын барынша сақтауға шақырып, алдағы рамазан айына дайындық жұмыстарын пысықтады.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз  қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін