Қарағанды облысы имамдары үстел теннисінен бақ сынасты

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлының бастамасымен өңірге қарасты дін қызметкерлерінің арасында  үстел теннисінен жарысы өтті.    

Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат дін қызметкерлерінің ауызбіршілігі мен ынтымағын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.   

Сайыс алдында облыс бас имамы  сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды Рамазан Дархан иемденді.  Кезекті екінші орын  Бейсенбай Ақниетке тиесілі болса,  жүлделі үшінші орынды Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы қанжығасына байлады.   

Жарыс қортындысы бойынша жеңімпаздар арнайы алғыс хатпен марапатталды.    

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін