«Әнет баба» мешітінде 10 000 жамағатқа ыстық ас берілді

   ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ұлық мейрам Ораза айттың құрметіне орай Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті ауласында қазақы киіз үйлер тігіліп, 10 000 жамағатқа тегін ыстық ас үлестрілді.

Барша жамағат бір сапта бой түзеп айт намазын оқығаннан кейін, берекелі мейрамның құрметіне орай әзірленген дастарханнан дәм алып, Ұлық мерекені тойлап кетті. 

Облыс бас имамы Естай Айтуғанұлының  тапсырмасы аясында Қарағанды қалалық мешіттерінің ат салысуымен жүзеге асқан шарада аймақтың зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, ақ сақалды аталар мен ақ жаулықты әжелер бастаған мешіттің жамағаты қонақ болды. 

Таң сәріден ұлықталған ұлы мейрамға жиналған көпшілік дәм алысып, қариялар бата берісті.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін