Ұлық мейрам ұлттық ойындармен жалғасты

   ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде  бастау алған ораза айт мейрамы  қазақтың ұлттық ойындарымен жалғасты.  

Обыс бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйымдастыруымен өткен спорттық додада мешіт жамағаты кір тасын көтеру, арқан тартыс, қошқар көтеру сынды ойындары бойынша бақ сынасты. 

Сайыс тартысты өтіп, нәтижесінде жеңімпаздарға арнайы мадақтама мен қаржылай сертификаттар табысталды.

Жеңімпаздар мен жүлде қоры төмендегідей:

Арқан тартысы бойынша:
І орын  «Арай базары» коммандасы (50 000 теңге);
ІІ орын «Ауыл коммандасы» (30 000 теңге);
ІІІ орын «Марио Брос» коммандасы (20 000 теңге)

Қол күрес бойынша

І орын  Балтабеков Сұлтанбек (70 000 теңге);
ІІ орын ембеков Әлібек (50 000 теңге);
ІІІ орын Жақсыжол Жәнібек (30 000 теңге)

Қошқар көтеру бойынша:

І орын 900 мәрте көтерген Жандос Қуанышбеков (қошқарды иеленді);
ІІ орын 860 мәрте көтерген Олжас Тұрбай (қаржылай сыйлық).

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін