Жақия Мерей жаңа қызметке ауысты(фото)

Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Жақия Мерей Қанатұлы қасиетті жұмада жамағатпен қоштасты. Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада Жақия Мерей Қанатұлы ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бұйрығымен Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы қызметінен босатылып, Астана қалалық «Әлжан ана» мешітіне наиб имам болып тағайындалған болатын.Қарағанды облыстық мешітінде 5 жылға жуық қызмет етіп, 70-тен аса шәкіртке арабша әріп үйретіп, қасиетті Құранға түсірген Мерей Қанатұлына дінімізге сіңірген еңбегі мен адал қызметі үшін орталық мешіттің бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының атынан алғыс хат табысталып, иығына шапан жапты. Әдемі әуезді азанымен жамағатын баурап алатын Мерей имамды көпшілік қимастықпен шығарып салып, жаңа қызметіне табыс, береке тіледі.

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін