Теміртау орталық мешітінде жамағатқа арнап уағыз-насихат жүргізілді (фото)

Республикамыздың бірнеше жерінде атқарылып жатқан іс-шараның бірі Теміртау орталық мешітінде өткізілді. Жамағатқа уағыз-насихат жүргізіліп, үлкен ас берілді. Жүз он адам жиналған шараға Қарағанды облысы орталық мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа, РАНТ-мүшесі Сыздықов Рүстем Мәлікұлы, сондай-ақ «Нұрлы білім» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, теолог-ұстаз Жанболат Хушкелдиев және Теміртау орталық мешітінің бас имамы Абдырахманов Ысқақ Рахимбекұлы  қатысып, әсерлі уағыздарымен бөлісті.  Шараға жиналған қалың жамағатқа  әртүрлі сұрақтар қойылып, сыйлықтар табысталды.  Мешіттің ақ дастарханында бас қосқан көпшіл қауымға Айбек Сахаба діни термелер айтып, шараның сәнін келтірді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін