ҚМДБ Қарағанды облысы бойынша «Зекет» қоры «Құлыншақ балалар» үйінің тәрбиеленушілеріне қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды (фото)

 

ҚМДБ Қарағанды облыстық мешітінің «Зекет» қорының бастамасымен «Құлыншақ балалар үйі» мекемесінің тәрбиеленушілеріне қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Аталмыш мекемеге кірген сәттен бастап ерекше мейіріммен қараған жеткіншектер жүректі елжіретпей қоймады. Әрқайсысы жеке-жеке амандасып, қуана қарсы алып жатыр.
Халықаралық балалар күнін қорғау мерекесіне орай ұйымдастырылған қайырымдылық іс-шарасы қаламыздың орталық саябағында өз жалғасын тапты. Жеткіншектер мен жасөспірімдер өз жастарына орай әртүрлі аттракциондарда тербетіліп, ұмытылмас көңіл көтерді. Әрбіріне қалауынша балмұздақтар да берілді.
Қазақ халқы жетімін жылатқан халық емес. Бүгінгі іс-шара осының бір айғағы десек те болады. Алланың елшісі (салаллаху алейхи уа салям) : «Жетімнің басынан тек Алла үшін сипаған жанға оның қолы тиген әрбір тал шашы үшін жақсылық жазылады» деген.
Осындай игі шараны ұйымдастырған ҚМДБ Қарағанды облысының «Зекет» қорының өкілі Еркебай Жұматаевқа еркше алғастарын айтты.
Алла Тағала қасиетті Рамазан айындағы жасаған әрбір ізгі амалымызды сауаптан жазсын!

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін