Қарағанды облыстық орталық мешітінде Бас мүфтидің ауызашар дастарханы жайылды (фото)

Бүгін Қарағанды облыстық орталық мешітінде ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының дастарханы жайылып, Қарағанды жамағатына ауызашар берілді. Ақшам намазынан соң жамағат айқара ашылған берекелі дастарханда бас қосты.

Қонақтардың тәніне ғана емес, жанына да рухани азық берген ғибратты отырыста РАНТ мүшесі, Қарағанды қалалық № 1 мешітінің баси имамы Қабылбек Әліпбайұлы Құран оқып, ақ пейілмен жайылған ауызашар дастарханында бата беріп, дұға оқыды.

Аппақ пейілмен жайылған алақандар бет сипап, Алладан сұраған дұғасымен басталған ауызашар дастарханына жиылған алдыңғы буын ақсақалдар баталарын беріп, риза болып тарқасты.

Суреттерді "ФОТОГАЛЕРЕЯДАН" тамашалай аласыздар

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін