Қарағанды облыстық орталық мешітінде мерекелік Ораза Айт тойланды (фото)

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде  жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 6: 00 де қасиетті Рамазан айының аяқталуына орай мерекелік Айт намазы оқылды.

Дәстүр бойынша, Қарағанды облысы бойынша өкіл имам Өмірзақ қажы Бекқожаның басшылығымен Айт намазын оқылды. Айт намазы аяқталған соң намазға қатысқан жамағатқа мерекелік дастархан жайылып, қонақтар алуан түрлі астардан дәм татты.

Жыл сайынғы дәстүр бойынша мерекелі күн  жамағат арасында спорт ойындарымен жалғасты. Онда кір  көтеру, қол күрес, арқан тартыс ойындары ойнатылып, жамағат бақ сынасты. Ойынға қатысқандарға алғыс хаттар табысталды. Сондай-ақ, Рамазан айының жоғары деңгейде өтуіне ат салысып, бір ай бойы ғибратты уағыз-насихатымен бөліскен , РАНТ мүшесі Ризабек Батталұлына Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа алғыс хат табыстап, Қарағанды жамағаты атынан алғысын білдірді. Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұжымы барша мұсылмандарды Рамазан айының аяқталуымен құттықтап, екі дүниенің жақсылығын тілейді. Алла Тағала сізден де, бізден де қабыл етсін!

 

© 2009-2017, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін