Бүгін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде Қарағанды халқы Әнет бабаға арнап Құран бағыштап, ас берді.

Әйгілі тобықты руынан шыққан, қазақтың тарихынан ойып орын алған «Жеті жарғыны» құрастыруға ат салысқан әйгілі Әнет бабаның есімі бүгінгі күні Қарағанды облыстық мешітіне берілді. Бірнеше ай бойы аймағымыздың ақсақалдар кеңесімен ортаға салып, облыстық мешітке атау беру жоспарланған болатын. Ақсақалдар ақылдаса келе Тобықты руынан шыққан Әнет бабаның есімін беруді жөн санады.

 Қазақстанның түкпір – түкпірінен келген Әнет бабаның ұрпақтары бұл күні облыстық мешіт ғимаратында жамағатқа үлкен ас беріп, Құран бағыштады. Әнет тек Тобықтыға ғана емес, исі қазаққа қадірменді қарт баба, қазақтың әйгілі төбе билері Төле, Қазыбек, Әйтекелерге, "көмекей әулие" атанған Бұқар жырауға батасын берген екен. Бабаның ұлағатты ұрпақтары осы себепті Әнет атаға арнап ас беруді жөн санаған екен.

© 2009-2017, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін