Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде барша мұсылмандардың ұлық мерекесі – Құрбан айт тойланды. (ФОТО)

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде барша мұсылмандардың ұлық мерекесі – Құрбан айт тойланды. Таңғы Айт намазынан соң бір-бірін жамыраса құттықтаған мұсылмандар құрбан шалып, мешіт имамы ұйымдастырған спорттық ойындарда бақтарын сынады. Арқан тартыс, кір тасын көтеру, қазақ күресі сияқты спорттық жарыстарда үздік шыққандарға ақшалай жүлде мен алғыс хаттар берілді. Одан соң қазан аслып, ұлы мерекеге орай тігілген киіз үйде ас берілді.

Қарағанды облыс әкімі Қошанов Ерлан Жақанұлы айт намазына қатысып, мұсылмандардың ұлық мерекесі құрбан айт мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. баршаңызды осы  мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Облыстық мешіт ғимаратында жақсы уағыздар да айтылып, жиналған ағайын арқа-жарқа болып жатты.

Күндердің ең абзалында мәре-сәре болған ағайын мұсылман халқының ең үлкен рәсімен жай тойлап қана қоймай, мұқтаж жандарға құрбандық еттерін таратты.

 

© 2009-2017, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін