Достық үйінде «Рухани келісім – бейбітшіліктің негізі» атты дөңгелек үстел өтті

Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бастамасымен, Достық үйінің конференц-залында «Рухани келісім – бейбітшіліктің негізі» атты дөңгелек үстел өтті.
Аталған шара, Қазақстанның тарихын, дәстүрі мен рухани құндылықтарын насихаттау, бірлікті нығайту сонымен қатар қоғамда экстремизммен терроризмге қарсы тұру мақсатында өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында Қарағанды облыстық «Әнет Баба» омешітінің наиб-имамы Мұсабеков Нұржігіт Оразалы баяндама оқып, аталмыш шараның бүгінгі қоғамдағы маңызы мен рөлін айта кетті. Сондай-ақ, рухани келісімді нығайтудың өзекті мәселелеріне де тоқтала кетті.

Іс-шарада рухани және конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайту бойынша жұмысты ұйымдастыру, жастар арасында діни экстремизмді алдын алу мәселелері талқыланды.
Дөңгелек үстел жұмысына облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері – Қарағанды облысының Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестіктердің, оның ішінде жастар қанатының басшылары мен мүшелері. Аналар кеңесінің мүшелері, діни бірлестіктердің өкілдері, жоғарғы оқу орындарының студенттері және БАҚ қатысты.
Іс-шараның соңында қатысушы спикерлерге алғыс хаттар табысталды.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін