Он сегіз отбасына азық жеткізілді

Жаны жабырқағанның жанынан табыла білу – әр мұсылманның өмірлік қағидасы. Барымен бөлісе отырып, әлеуметтік сынақтарға тап болған ағайынға қарайласу арқылы қоғамдағы ізгілік өркенін жаятындығы ақиқат. Бас имам Қабылбек Әліпбайұлының кешегі өткен қайырымдылық шараларының жалғасы ретінде 2018-ші жылдың алғашқы айында 18 отбасына азық-түлік жеткізілуін ұйымдастырды. Бұл жолы қаламыздың Федоровка, Сортировка, Майқұдық, Михайловка аймақтары қамтылды. Азық-түлік алған отбасылары Алла жолында жомарттық жасаған азаматтарға алғыс айтып ақ баталарын берді.

   Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің баспасөз қызметі

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін