Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде жамағаттың бірлігіне арналған рухани кеш өтті (ФОТО)

     Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде дәстүрге айналлып бара жатқан жамағаттың бірлігіне арналған рухани кеш өтті. Аталмыш рухани кешке Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің, Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің, «Балақажы» мешітінің, Теміртау  және Шахтинск қаласының жамағаты жиналды. Атап айтқанда, шешен халқы, түрік диаспорасы, Қарағанды қайырымдылық мекемесінің және жат ағым өкілдері болды.  Жамағаттың басы қосылған рухани кеште Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітін бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа жамағатқа өзінің ыстық лебізін білдіріп, бірлік пен татулық жайлы уағыз- насихатын айтты. Сондай – ақ, ҚМДБ ның шариғат және пәтуа бөлім басшысы Сансызбай Құрбанұлы Шоқанов уағыз насихат айтып, Құран оқыды. Аталмыш рухани кеште жамағатпен Құран хатым дұғасы бағышталды. Қазақ жəне орыс тілдерін де уағыз-насихаттар айтылды. Кеш соңында рухани бас қосуға келген қонақтардың бірі Ислам дінін қабылдап, мұсылман атанды.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін