Қарағандыда «Аналарға мың алғыс!» атты шара ұйымдастырылды (фото)

Наурыз айының алғашқs күні – алғыс күні. Көктемнің осы бір айтулы күнінде ҚМДБ ның Қарағанды облысы бойынша «Әйелдер қыздар» секторының  жетекшісі Бакирова Арай, «Әл Машани» мешітінің ұстазы Джикенова Бақытгүл және «Айбике» бойжеткендер мектебі  сауабы мол шара ұйымдастырды. Яғни,алғыс күнінің қарсаңында  Қарағанды облысы шәкірттері ақ жаулықты аналарға мың алғыс айтып, ардақты әжелер мен аяулы аналардың ақ батасын алып қайтты. Асыл дініміз Исалм ананы әрқашан қастерлеген. Талай жазушы мен ақынның ақ парағын абзал ананың есімі құрғатпаған. Ендеше, елімізде, мешіттерімізде осындай ардақты жандарды қастерлеп, қадір тұтатын ізгі шаралар көп бола бергей.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін