ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша "Жастар ісі" және "Әйел қыздар" бөлімі ақ жаулықты аналардың құрметіне дастархан жайды (фото)

     ҚМДБ ның Қарағанды облысы бойынша "Жастар ісі" бөлімі және "Әйел қыздар" бөлімінің ұйымдастыруымен Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінде ақ жаулықты әжелерге арналған дастархан жайылды. Бұл үрдіс облыстық мешіт ғимаратында дәстүрге айналған десек те болады. Дін басымыз, бас мүфти Серікбай қажы Ораз мырза ағымдағы жылды "Ислам және отбасы" жылына арнаған болатын. Осыған орай, облыстық мешітте келешек ұрпаққа үлгі боларлық, хәм насихат ретінде өткізіліп жатқан рухани шаралар жетерлік. Мұндай шаралардың басты мақсаты бүгінгі бойжеткен мен болашақ ана, ибалы келін тәрбиесі жайлы тәрбиелік сағаттар өткізіп, исламдағы отбасының бір кірпіші болатын ибалы қыз келіншектерді дайындау. Кезекті рухани шарада ҚМДБ ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа мырза уағыз насихат айтты, Құран оқылды, бата берілді. Алдағы уақытта да осындай ізгі шаралар ұйымдастырылады деп жоспарлануда.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін