Өкіл имам мешіттерді аралады

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа мырза мешіттерді аралап, дін қызметкерлерінің жұмысымен танысты. 

Өкіл имамның алғашқы ат басын тіреген Алла үйі, жаңадан тіркеуден өткен Ақтүбек орталық мешіті болды. Өкіл имам мешіт жамағатымен кездесу өткізді. Жамағат мешіттің тіркелуіне  разылышығын білдіріп, мешітке қол ұшын созуға дайын екендерін жеткізді.

Бас имам аялдаған келесі мешіт Ералиев орталық мешіті болды. Ержан имам өкілді ауыл мешітінің жұмысымен, кезекшілердің жұмыс тәртібі, Құран оқитын бөлмелердің жұмыс кестесіне сай қызмет етуі, т.б. мәселелермен таныстырды. Сондай-ақ, алдағы атқарылатын жұмыстардың ретін түсіндіріп, тиісінше тапсырмалар алды. Соның ішінде, жастармен жұмыс жасау, мешіттегі оқу-ағарту жұмыстарына көңіл бөлу, ұжым ішінде ауызбіршілікті сақтап, жұдырықтай жұмыла жұмыс жасау керектігі айттылды.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін