«Әнет баба» орталық мешітінде «Мектепке жол» акциясы өтті (ФОТО)

Жаңа оқу жылына орай бүгін «Әнет баба» орталық мешітінде  «Мектепке жол» акциясы өтті. Тамыз айының 24-ші жұлдызында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті, «Зекет» қоры және «Уақып» қорының ұйымдастыруымен, жаңа оқу жылының қарсаңына орай «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» атты қайырымдылық акциясы өтті. Мешітіміз ашылғалы бері желісі үзілмей ұйымдастырылып келе жатқан «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»  атты акциясы биылғы жылы да білім іздеген бүлдіршіндердің талабына қолдау танытты. Жағдайы төмен отбасылардың балаларына арнайы  мектепке арналған барлық құрал-жабдықтармен толтырылған мектеп сөмкесі беріледі. Алдын-ала жарияланған акция тамыз айының 24-і күні мәресіне жетіп, Қарағанды облыстық орталық мешітінде арнайы табыстау рәсімімен аяқталды. Қарағанды мешіттері жанашыр азаматтардың қолдауымен 350 оқушыны мектепке дайындайды.

Жыл сайын Қарағанды мешіттері жанашыр азаматтардың қолдауымен оқушыларды мектепке дайындайды. Дәстүрлі шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды қаласы бойынша өкілі Өмірзақ қажы Қазкенұлы, «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы, «Зекет» қорының өкілі Джарымбетов Мұхит қатысып, жиналғандарды келе жатқан білім күнімен құттықтады.

«Мектепке жол» акциясы қала мешіттерінде жыл сайын өткізілетін акциялардың бірі. Көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары жаңа оқу жылына уақытылы дайын болуына, балалар қатарынан қалмай білім алып, болашақта еліміздің еңсесін тіктейтін, Мәңгілік елдің білімді, мәдениетті азаматтарынан болсын деген ниетпен, жомарт жандардың қолдауында атқарылып отыр. Сондай-ақ, «Әнет баба» орталық мешітінің осы бір игі бастамасына қолұшын беріп, сауапты іске атсалысып, қолдау көрсеткен азаматтарға ризашылығын білдірді. 

«Әнет баба» орталық мешітінен бастау алған игі шара қаладағы басқа да мешіттерде өз жалғасын табуда.

Жаңа оқу жылына орай бүгін «Әнет баба» орталық мешітінде  «Мектепке жол» акциясы өтті. Тамыз айының 24-ші жұлдызында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті, «Зекет» қоры және «Уақып» қорының ұйымдастыруымен, жаңа оқу жылының қарсаңына орай «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» атты қайырымдылық акциясы өтті. Мешітіміз ашылғалы бері желісі үзілмей ұйымдастырылып келе жатқан «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»  атты акциясы биылғы жылы да білім іздеген бүлдіршіндердің талабына қолдау танытты. Жағдайы төмен отбасылардың балаларына арнайы  мектепке арналған барлық құрал-жабдықтармен толтырылған мектеп сөмкесі беріледі. Алдын-ала жарияланған акция тамыз айының 24-і күні мәресіне жетіп, Қарағанды облыстық орталық мешітінде арнайы табыстау рәсімімен аяқталды.

Жыл сайын Қарағанды мешіттері жанашыр азаматтардың қолдауымен оқушыларды мектепке дайындайды. Дәстүрлі шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды қаласы бойынша өкілі Өмірзақ қажы Қазкенұлы, «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы, «Зекет» қорының өкілі Джарымбетов Мұхит қатысып, жиналғандарды келе жатқан білім күнімен құттықтады.

«Мектепке жол» акциясы қала мешіттерінде жыл сайын өткізілетін акциялардың бірі. Көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары жаңа оқу жылына уақытылы дайын болсын, балалар қатарынан қалмай білім алып, болашақта еліміздің еңсесін тіктейтін, Мәңгілік елдің білімді, мәдениетті азаматтарынан болсын деген ниетпен, жомарт жандардың қолдауында атқарылып жатыр. Сондай-ақ, «Әнет баба» орталық мешітінің осы бір игі бастамасына қолұшын беріп, сауапты іске атсалысып, қолдау көрсеткен азаматтарға ризашылығын білдірді. 

«Әнет баба» орталық мешітінен бастау алған игі шара қаладағы басқа да мешіттерде өз жалғасын табуда.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін