Ашура күнінде ауызашар берілді

Мұсылман күнтізбесіндегі жылдың басы мухаррам айының ашура күнінің құрметіне Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінде жамағатқа арнап ауызашар берілді. Бас имам Қабылбек Әліпбайұлы «Ислам және отбасы» жылы аясында ай сайын жамағатты мешіт асханасында жинап ас беріп, насихат жасауды жоспарға енгізген болатын. Осы мақсатта жиналған қауымға мухаррам айы мен осы айдағы атқарылатын амалдар жайында, отбасындағы нағыз ер азаматтың ролін айқындайтын міндеттерді уағыздады. Уағыз барысында дінбасымыздың «Өзгеруді өзіңнен баста» үндеуіне қатысты рухани құндылықтар қамтылды. Берекелі басқосу соңы хатым құран дұғасымен қорытындыланды. 

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің баспасөз қызметі 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін