«Жастар ісі» секторы, «Әйел-қыздар» бөлімі және «Зекет» қорының ұйымдастыруымен «Жастар және салауатты өмір салты» атты волейболдан жарыс болып өтті (фото)

Елбасымыз ұлт болашағы бүгінгі жастар екендігін айтып, биылғы жылды  «Жастар жылы»деп өз жолдауында айтып кеткен болатын. Осы  бастаманы негізге ала отырып, ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Жастар ісі» секоры, «Зеке» қоры бөлімі және «Әйел-қыздар» бөлімінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Жастар және салауатты өмір салты» атты волейболдан жарыс болып өтті. Спорттық жарыстың ашылу салтанатында Қарағанды облысының өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа келіп, жарысқа қатысушыларға уағыз-насихат айтып, сайыскерлерге сәттілік тіледі. Аталмыш жарыс әйел-қыздар арасында ұйымдастырылып, спорттық ойынға бес команда жиналды. Барылқ ойыншылар жоғары деңгейде бақ таластырып, сайыс жоғары деңгейде өтті.Ойынның нәтижесінде І-орынды  «Кәусар» тобы, ІІ-орынды «Асыл» тобы, ІІІ-орынды «Қырандар» тобы иеленіп, алғыс хаттармен марапатталып, ынталандыру сыйлықтары табысталды. Сондай-ақ, жарыс әйел-қыздар арасында өткендіктен  барлық қатысушыларға «Ислам жанұясы» атты кітап таратылды. Спорт пайғамбарымыздан «с.а.с» келе жатқан сүннет амалы. Алдағы уақытта да салауатты өмір салтын жастар арасында насихаттау мақсатында көптеген шараларды ұйымдастыру жоспарға алынып отыр.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін