Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде үш тараптың кездесуі болып өтті (фото)

Бүгін Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің доценті Әлмұхаметов Алий Рауфұлы, Қарағанды мемлекеттік университетінің психология - философия факультетінің деканы Карипбаев Байжол Искакұлы және философия ғылымдарының кондидаты доцент Кусбеков Думан Карибекович мырза Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітіне ат басын тіреп,  облыс өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа мырзаның қабылдауында қонақ болды. Кездесу барысында үш тарап бір бірін қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ыстық ықылас білдірді. Сондай ақ,  Қарағанды облысындағы діннің өркендеуі, әрі исламның жастар арасында кеңінен насихатталуы жайлы сөз қозғалды. Бүгінгі жастардың  жоғарғы оқу орындарында діни білімді сусындауының маңыздылығы талқыға салынды. Үш тарап алдағы уақытта тағыз қарым қатынас орнатып, бірнеше маңызды шараларды бірлесе жүзеге асыруды жоспарға алды.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін