Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешіті Қадір түні қарсаңына ерекше қайырымдылық шара ұйымдастырды (фото)

Қасиетті Рамазан айы жақсылықтар тұнған ай. Күллі мұсылман қауымы бұл айда Алладан үміт етіп, кешірім сұрап, мол сауап алуға асығатын береке айы. Бұл айда атқарылып жатқан қайырымдылық шаралары да баршылық. Мың түннен де қайырлы қасиетті Қадір түні Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің ұйымдастыруымен ерекше қайырымдылық шара жүзеге асуда. Рахым айында  56  және 43 автобус жолаушыларға тегін қызмет көрсетіп, қала ішінде ақысыз қатынайды.

Рухани ізгі шара ҚМДБ ның төрағасы, бас мүфти Серікбай қыжы Ораз мырзаның және облыс өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа мырзаның тапсырмасымен жүзеге асты.

Алла Елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Кімде-кім Қадір түнінің артықшылығына нанып, Алладан сауабын күтіп, құлшылық қылса, жасаған күнәлары ғафу етіледі» дейді.                                                                                                                                                        Ендеше, осындай игі шараларға біз де қолдау білдіріп, Рамазан айында барынша сауап жинап қалуға асығайық ағайын!

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін