Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өмір баянынан байқау өткізілді.

Пағамбарымыз (с.ғ.с.) хадис шәріпінде: «Білім алу – әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз, – делінсе, тағы бір хадисінде: «Тал бесіктен жер бесікке дейін білім үйрен», – деп насихат айтылған.

Екінші маусым күні Қарағанды қалалық "Бала қажы"   мешітінде жастардың Пайғамбарымыз (с.ғ.с) көркем мінезін, айтқан өсиеттерін бойларына сіңіріп, нағыз мұсылмандық сипатқа ие болулары  мақсатында Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өмір жолы баяндалған "Адамзаттың асыл тəжі" кітабын оқып, меңгерген ер балалар арасында сайыс өтті. Қатысушылар арасынан кіл жүйрігін анықтау үшін кітап мазмұнынан 100 сұрақ тестілеу құрастырылып  алынып қатысушыларға ұсынылды. Байқауда білім қуған 27 жас өз баптарын сынады. Нəтижесінде қазылар алқасының ұйғарымымен байқау қортындысы анықталып,   жеңімпаздар мен қатысушыларды мешіттің бас имамы Нуров Махмұт қажы Нурұлы  марапаттады. Бірінші орынды 99 балдық жоғары  көрсеткішімен Бүлкенов Саян құттықтау қағазы мен 50 мың теңге ақшалай сылыққа ие болды.Екінші орынға 95 балдық көрсеткішпен, шапшаңдығымен Сəбденов Нұрмұхан лайық деп танылып  құттықтау қағазы мен  30 мың теңге ақшалай сыйлықты өз қанжығасына байласа, дəл сондай 95 балдық көрсеткішті көрсетіп, екінші орынға уақыт жағынан үлгере алмай, үшінші орынға ие болған  Жақсығалиев Айболат құттықтау қағазы жəне 20 мың теңгені еншіледі. Сайыс жоғары деңгейде өткізіліп, өзге қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды. Алдағы уақытта ер балалар жамағаты  осындай жарыстарға қатысып, көпке үлгі бола бермек. Білімді азаматтарымыз көп болғай. Баршаңызға Алла жар болсын!

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін