Қош бол қасиетті Рамазан (фото)

Барша мұсылман қауымның сағынып  күткен қасиетті Рамазан айының да  аяқталуына  аз қалды. Айлардың сұлтаны болған бұл айда Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде түрлі рухани, ізгі шаралар, қайырымдылық істер, акциялар жүзеге асырылды. Оның ішінде, әйелдер жамағаты арасында көптеген жарыстар, викториналық ойындар болып өтті. Қасиетті Қадір түні әжелер мен әйелдер арасында Құран хатымы түсіріліп, аяқталған болатын.       Бүгін, «Изюм» мейрамханасында ҚМДБ ның «Әйел қыздар» секторының ұйымдастыруымен мешіт шәкірттері және облыстық "Әнет баба" мешітінің  ұстазы Тапина Карина Қайратқызының  қатысуымен тағы да Құран хатымын түсірді. Екі жарым сағат ішінде Құран толықтай хатым етіліп, бата жасалды. Ерекше сезімге бөленген облыстық мешіт шәкірттері көз жастарына ерік беріп, қасиетті айда бір бірлеріне ыстық лебіздерін жеткізді. Ауызашар дастарханы жайылып, барлығы бір ауыздан Аллаға мадақ айтып, берекелі дастарханнан дәм татты.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін