Серпінді семинар өткізілді

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде өңірге қарасты имамдардың, оның ішінде ауыл имам молдаларының қатысуымен екі күндік семинар өтті. Қарағанды облыстық дін істері басқармасы, «Нұрлы білім» ҚБ және ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілдігі бірлесіп өткізілген ауқымды шара барысында дін қызметкерлеріне шынайы мұсылманның өмірі мен мінез-құлқының үйлесімділігі, дін талаптарына бекемдік, діни білім мен зайырлы білімнің маңыздылығы, жат ағымның алдын алу тақырыптары кеңінен түсіндірілді. Өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлы жиынға қатысушыларға шынайы мұсылманның өзі өмір сүріп отырған қоғам ортасында ынтымақ пен бірлікті күшейтіп, діни тұтастық пен біліктілікті ұстанудың маңыздылығын атап өтті. ҚМДБ-ның Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы «Жат ағымның алдын алу жұмыстарындағы ҚМДБ тәжірибесі және Қазақстандағы конфессияның маңыздылығы» жайында насихат жүргізді. Сонымен қатар, уағыз түрлері мен ерекшелігі, оның қайнар көзі, пәтуа бөлімі, шариғат шеңберінен шықпай, ата заңды аттамай дін насихатын көркем түрде жеткізу тетіктері қамтылды. Теміртау қалалық мешітінің бас имамы, РАНТ мүшесі Хушкелдиев Жанболат «Мемлекеттік конфессиялық саясат және ҚМДБ Ханафи мазхабы бойынша төрт бағытты түсіндіру арқылы діни экстремизмнің алдына алу» тақырыбында дәрістер оқыды. Өңірге қарасты имамдар да өз кезегінде қоғамдағы өзекті жайттар жайында сауалдарына дәйекті жауаптар алды. Бүгінде ел мен дін мүддесінің игілігіне бағытталған пәрменді іс-шаралардан өз нәтижесін береді деген сеніміміз мол. Дін насихатының өзектілігін арттырып, шалғай елді мекендерге де бірізділікпен жетуіне жол ашқан серпінді семинардан сусындаған имам молдалар діни басқарма өкілдеріне шынайы алғыстарын жеткізіп тарқады.     Дін насихатының өзектілігін арттырып, шалғай елді мекендерге де бірізділікпен жетуіне жол ашқан серпінді семинардан сусындаған имам молдалар діни басқарма өкілдеріне шынайы алғыстарын жеткізіп тарқады.         

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін