ҚМДБ «ЗЕКЕТ» ҚОРЫ 7 835 БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет» қоры 2019 жаңа оқу жылы қарсаңында еліміз бойынша 7 835 балаға мектеп сөмкесі мен оқу құралдарын үлестерді.

Қор директоры Талғат Омаровтың айтуынша, демеуші азаматтардың қолдауымен жүзеге асқан «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік көмекке зәру жанұяларға қажетті көмек жасалған.

«Зекет» қорының негізгі жұмыс бағыты – қайырымдылық. Біз әлеуметтік аз қамтылған отбасыларын қолдауға әрқашан дайынбыз. Бұл игі шара дәстүрлі түрде жыл сайын жүзеге аса береді», – деп атап өтті Талғат Сейіткәрімұлы. 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін