НАИБ МҮФТИ БАУЫРЖАН ЕСМАХАН РЕСЕЙДЕ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Бауыржан Есмахан бастаған қазақстандық делегация Ресей Федерациясының Томск қаласындағы ақ мешіттің 105 жылдық торқалы тойына қатысуда.

Наиб мүфти мешіттің мерейлі мерекесіне жиналған халық алдында сөз сөйлеп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің құттықтауын жеткізді.

Наиб мүфти: «Әлемдегі мұсылмандардың қуанышы бір-біріне ортақ. Томск шаһарының ғана емес Ресейдегі тарихи мешіттердің бірі саналатын осынау ақ мешіттің шежіресі Исламның ғасырлық тарихынан сыр шертеді. Осы шараға жиналған қауымға Ұлы Жаратушының шексіз мейірімін тілеймін»,- деп ізгі тілегін білдіріп, екі жақты ынтымақтастықтың дами беретіндігіне сенім білдірді.

Сонымен қатар наиб мүфти мешіттегі Алла Елшісінің әзиз жәдігерлерін тамашалады. Бауыржан Есмахан мерейлі мерекеге жиналған қауыммен, жергілікті ақсалдармен және зиялы қауым өкілдерімен, діндарлармен сұхбаттасты. Наиб мүфтидің сапары жалғасуда.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін