"Әйелдер-қыздар секторы" қосымша дәрістер өткізді

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің "Әйел-қыздар секторы" бойынша жетекшісі, ұстаз Бакирова Арай мешіт жанындағы діни сауат ашу курсындағы шәкірттерге діни білім берумен қатар, қосымша діни рәсімдер барысын түсіндіру жұмыстарын жолға қойған. Мұсылмандық жерлеу рәсімдеріне қатысты шариғат талаптарын өз дәрежесінде білу әрбір мұсылманның міндеті болғандықтан, қала мешіттерінде осы тұрғыда теориялық дәрістер өткізді. Дәріс барысында әйел адамға қатысты жерлеу тәртіптері мен ахиреттік киім дайындау, мәйітті жуындыруда мән берілуі тиіс жайттар үйретілді. Сондай-ақ сәби мен ересектерге арналған шариғат қағидаларының айырмашылығы мен өзіндік ерекшеліктері қамтылды. ҚМДБ-ның жерлеу рәсімдеріне қатысты толықтырылған пәтуалары пысықталды. Облысқа қарасты мешіттердің әйелдер жамағатына өткізілетін осындай мақсаттағы қосымша дәрістер өзге де мешіттерде жалғасын таппақ.  

 

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін