«Хоспистегі» қарияларға қуаныш сыйлаған күн

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешіті "Хоспис" қарттар үйіндегі науқас жандарға қайырымдылық жасап,  зиярат етуді жылдағы үрдіске айналдырған. Биыл да, аталмыш мекемеге Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің наиб имамы әрі ҚМДБ ның "Жастар ісі" бойынша өкілі Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы  және ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет» қорының өкілі Джаримбетов Мұхит Михайлұлы арнайы барып, науқас жандарға жылы лебіздерін білдірді. Қариялардың бас қосқан шаңырағнда Құран оқылды.

Ондағы қарттар облыстық мешіт тарапынан үнемі көмек жасалатындығын айтып, бұл жолы да ризашылық білдірді.

«Панасыз, әрі ауру-сырқау қарияларға жәрдем беру аса сауапты іс. Оларға үнемі қамқорлық жасап тұрамыз. Бұл шара бұдан ары да жалғаса беретін болады», - дейді қайырымдылықты ұйымдастырушылар.

«Хоспис» басшылығы қайырымдылық шарасы үшін облыстық мешіт ұжымына алғыс білдірді.

  ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін