ҚМДБ «Халал даму» ЖШС ұйымының жиыны өтті

ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб муфти Ершат Ағыбайұлы ҚМДБ «Халал даму» ЖШС ұйымының облыстық өкілдерімен алғашқы жиынын жасады.

Маңызды жиында діни басқармаға қарасты «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған Смайыл Сейтбек мырзаны таныстырды. Сонымен қатар, «Халал даму» ЖШС ұйымының жалпы және өңірлік жылдық есебі берілді.

Жиын соңында ҚМДБ «Халал даму» ЖШС-нің технолог мамандары ай сайынғы жүргізілетін аудит жұмыстарына енгізілген өзгертулерге байланысты, әр мекемеге арналған жеке тексеріс АКТ-лерін түсіндірді. 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін