"Баракат" мейрамханасында Мәуліт кеші өтті

Адамзаттың мақтанышы Мұхаммедке (с.ғ.с.) арнап салауат айтып, сәлем жолдаудың артықшылығы мен сауаптылығы мол. Салауат айтқан адамның оның шапағатына бөленетіні жайлы Әбу Дәрда (р.а.) жеткізген бір хадис-шәріпте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім таңғы және кешкі уақыттарда маған арнап он рет салауат айтып, сәлем жолдаса, қиямет күні менің шапағатыма бөленеді», – деген. Қарағанды қалалық "Әл-Машани" мешітінің жанындағы діни сауат ашу курсының шәкірттерінің қатысуымен "Баракат" мейрамханасында "Пайғамбарлар сұлтаны" рухани кеші өтті. Мешіт ұстазы Бақытгүл Жикенова рухани кешті бағдарлама бойынша тәрбиелік мәндегі іс-шаралармен ұйымдастырды. Мәуліт оқылып, Алла елшісіне с.ғ.с салауаттар айтылды. Шәкірттер арасында "Білгенге маржан" сұрақ-жауаптар өткізіліп, мадақ жырлар оқылды.  Шынайы үммет болу және мұсылман сипаттары турасында насихаттармен жалғасқан рухани кеш соңы құран бағыштаумен аяқталды.

 

 

© 2009-2020, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін