"Зерде" еріктілер тобы құрылды

"Әйел қыздар секторы" бөлімінің жетекшісі, ұстаз Бакирова Арай белсенді жұмыстарының барысында жастардың басын қосып, екі бірдей игілікті іс-шара ұйымдастырды. Әйел адамның ас үйдегі ептілігі мен шеберлігін шыңдайтын тәтті тағамдар даярлап үйренуден тәжірибе алмастырып, шәкірттер арасында басқосу өткізді. "Ас адамның арқауы" деген қағидаға сай астың зиянды қоспадан таза болуы, тіл үйіретін дәмділігі, артық шығынсыз жасалуы секілді тиімді тұстары да ескерілді. Сонымен қатар, мешіт жанындағы діни сауат ашу курсының үлкенді-кішілі шәкірттері мен студент жастарға "Раян" мейрамханасында дәм берілді. "Тәрбиелі қыз және орамал тартудың пайдасы" турасында орамды ойлар мен парасатты пікірлер айтылып, еркін сұхбаттар жүргізілді. Карина ұстаз орыс тілінде жастардың діни түсінікті қалыптастырудағы басты қағидаларын насихаттап, аналар тобы ұрпақ тәрбиесіндегі басты ұстанымның ұлағаттарын сөз етті. "Зекет" корпоративтік қорымен бірлесіп, осындай тәлімі мол басқосуларды жиі өткізетін Арай ұстаздың айналасына топтасқан шәкірттер тобына "Зерде" атауы беріліп, еріктілер тобы діни және қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытатын болады.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін