Еңбек түбі - береке

Қарағанды қаласының "Олжас Есенұлы" атындағы оқу орталығының студент жастарымен кәсіпкерлікке қатысты ауқымды кездесу өтті. Діни білім алумен қатар заманауи қажеттіліктерді сабақтастыру уақыт талабы деп түсінген оқу орталығының жетекшісі Сайлау Мусин кәсіппен шұғылданудың тетіктері турасында кәсіби мамандармен келісе отырып кездесу ұйымдастырды. Бұндағы мақсат - «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы кепілдікті қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті  оқытудан бастап оларды жүзеге асыруға дейін кәсіптік-жобаларды қолдау, кооперация мүмкіндіктері, бизнесті барынша қолдауға және қорғауға бағытталған. Басты мақсаты - аймақта кәсіпкерліктің өркендеуі мен дамуы үшін институционалдық негіздерді қалыптастыру. Осы негізде қажетті кеңес берген мамандар, жастарға  адал еңбек етудің мүмкіндіктерін кеңінен айтып өтті. Алдағы уақытта осындай маңызы бар кездесулер өз жалғасын табады.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін